Жарнама
Жаңалықтар

Индерлік жанұя баспаналы болды

«Қайырымдылық – қасиетті іс» демекші, аудандағы есімі өңірге мәлім Гүлсара Нұрмұханова мен Қуат Жанесеевтың бастамасымен жуырда есболдық жанұя баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенеліп отырған жайы бар.

Осыдан 4 жыл бұрын ауылға белгілі азамат Марат Біләлов денсаулығы сыр беріп өмірден өткенде отбасы қара жамылып қалған болатын. Өздеріне тиесілі баспаналары жарамсыз болып, пәтер жалдап күнелтті. Олардың тар үйде тарыққан тағдырын көрген ауылдастары Гүлсара Нұрмұханова мен Қуат Жанесеевке шығып белсенділер арқылы «Харекет» қорының Атырау облысындағы филиалының жетекшілеріне жанайқайын жеткізген болатын. Жанұяның қиналысын жан-жақты түсіне білген «харекеттіктер» дереу халыққа үндеу тастап, ортақ іске күш біріктірген. Міне, сөйтіп 863-ші үй осы жанұяға берілді.

Әулеттің қуанышына орай ауыл әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Сабиров қордың облыстық филиалының жетекшісі Жанарыс Сырымұлы, осы істің басы-қасында жүрген еріктілер Гүлсара Нұрмұханова мен Қуат Жанесеев сөйлеп, баспана кілтін үй иелеріне табыстады. Қуаныштан көзіне жас алған Бағила Досанова жомарт жүректі жандарға аналық алғысын білдірді.

— Бұл – біз үшін ерекше қуаныш. Көптен бергі арманымыз орындалды. Оған жағдай жасаған жандарға алғыс білдіремін. Баспана алуға мүмкіндігіміз жоқ, мемлекеттік жәрдемақы күнделікті тұтынар тамағымыз бен дәрі-дәрмегімізге шаққа жетеді. Енді, міне, аз уақыт ішінде жанға жайлы бес бөлмелі пәтерге ие болып отырмыз,-дейді отанасы қуанышты жүзімен.

С.ҰЗАҚБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button