АЗЫҚ-ТҮЛІК ТОПТАМАСЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

img 20220306 wa0059 Жаңалықтар

    Қайырымдылық пен мейірім біздің халқымыздың қанына сіңген қасиет. Әсіресе, мұқтажға қол ұшын созуды кез-келген санасы түзу адам парыз санаған.

    Осындай ізгіліктің бір мысалы Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесі қарсаңында да көрініс тапты. Шыны керек, облысымызда көмекке мұқтаж әйелдер баршылық. Осы себепті Атырау облысы әкімінің өзі бастамашы болып, оларға көмек қолын созды. Әр түрлі себеппен әлеуметтік қорғауға зәру болып отырған облыстың жалғыз басты азаматшаларына және тылда еңбек еткен ардагер әйелдерге азық-түлік топтамасы үлестірілді. 

    Сөйтіп, облыс әкімінің ұйымдастыруымен облыстық жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлері және жастар ресурстық орталығы еріктілері арнайы тізімге сәйкес осал топтағы әлеуметтік жағдайы төмен жалғызбасты аналар мен тылда еңбек еткен әжелерімізге ең бірінші кезекте қажет деген азық-түлікпен көмек көрсетті. 

    Жалпы қазір қала бойынша әлеуметтік мұқтаждар тізімінде тұрған адамдар саны 170-ті, ал облыс бойынша 500-ге тарта адамды құрап отыр. Осындай санаттағы адамдарға әлеуметтік қызметкерлер үйлеріне жиі барып, қызмет көрсетіп тұрады. 

    – Әрине, адамға қайырымдылық жасау ол бір күндік немесе науқандық шара емес, – дейді облыстық ішкі саясат басқармасы азаматтық орталығының директоры Жанна Досқалиева. – Көмекке зәру аналарымыз бен замандастарымыз әркез назарда болады. Адамды қуантқанға, әсіресе, төл мерекелері кезінде жақсы көңіл-күй сыйлағанға не жетсін. Бәріне де амандық тілейміз. Көктемнің алғашқы нұрымен келген мерекелері құтты болсын! Әр күндері қуанышқа толсын! 

    Диас НАУРЫЗАЛИЕВ

Сурет: автор

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз