МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ МЕРЕЙЛІ КҮНІ

Құрметті атыраулықтар!

Сіздерді Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – әлем мұсылмандары үшін береке мен бірліктің, мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадыратады. Өзара жанашырлығын арттырады.

Мұндай ұлттық сипат алған рухани мереке бізді өзара мейірім, кеңпейілділік, кішіпейілділік және жомарттық сияқты абзал қасиеттерге тәрбиелейді.

Қасиетті мереке әрбір отбасына бақыт, береке алып келсін. Көпұлтты еліміздің ынтымағы мен бірлігі берік болғай!

Айт мейрамы мүбәрак болсын! Осы қасиетті мерекеде елдің амандығы мен жұртымыздың тыныштығын сұрап шалған құрбандықтарыңыз бен айтқан тілектеріңізді Жаратушы Алла қабыл етсін!

Мемлекетіміз гүлденіп, өркендей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Құрметпен,

Атырау облысының әкімі

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз