Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Индердің ертеңіне үміт зор

Кеше Өңірлік коммуникация орталығында Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи биылғы алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша онлайн-брифинг өткізді.

Облыстағы іргелі аудан саналатын Индерде қазір 32 мыңнан астам адам тұрады. Облыстық статистика басқармасының мəліметіне сəйкес, өткен жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құраған. Ауданда өнеркəсіп өнімін өндірумен 20 кəсіпорын айналысады. «ИСИ Гипс Индер» ЖШС – гипсокартон, «ПромСтройЦентрСервис» ЖШС – құрғақ құрылыс қоспалары мен бөлмеішілік қабырғаға арналған плиталарын шығарады. Өңірде техникалық жəне ас тұзын өндірумен санитарлық тазалау, өзге де кəсіппен шұғылданатындар бар. Өз кезегінде аудан басшысы əлеуметтік желілерге келіп түскен сауалдарға да жауап қайтарды. Əрине, көпшілікті толғандыратын мəселелер аз емес. Енді солардың бірсыпырасына тоқталып өтейік

Жасыратыны жоқ, біздің облыста апатты жағдайдағы орта мектептер бар. Солардың бірі – Есбол ауылында. Балалардың өміріне қауіп төндіріп келген білім ошағының орнына жаңа мектеп құрылысы қолға алынып, көп кешікпей, жаңа 320 орындық мектеп тапсырылмақшы.

«Үйі жоқтың – күйі жоқ» демекші, баспана қай кезден бас ауруына айналған. Аудан тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға барынша кңіл блініп келеді. «Отбасы» банкі арқылы бюджеттік сала қызметкерлері үшін 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы қолға алынды. Жалпы осы жазда аудан халқы үшін жаңа қоныс – 300-ге жуық пәтер тапсырылмақшы.

Жеке тұрғын үй салуға ниет білдірушілер саны кбеймесе, азайған жоқ. Бүгінде аудан көлеміндегі 903 учаскеге инженерлік-инфрақұрылым жүргізу басталды. Егер қолға алынған 60-тың үстіндегі жоба жүзеге асса, ол ауданның көркеюіне, құлашын кеңге жаюына, бір сөзбен, Индердің екінші бөлігін қалыптастыруға мұрындық болады.

Брифингте аудандағы тазалық, көгалдандыру шаралары да айтылды.

– Осыдан екі жыл бұрын аталған өңірге басшы болып келгенімде, Индербордың өзінен 13 тонна күл-қоқыс шығарттым. Тоғай, елді мекен, үй маңын қоқысқа көмбеу – əркімнің өз қолымызда. Қандай жағдайда да айналамызды жинап, таза ұстап жүруге үйренейік, — деді Мейірім Жоламанұлы.

Əлеуметтік желі қолданушының бірі карьерлер, аудандағы тұзды көл мəселесіне қатысты сауал жолдады. Аудан басшысы өз жауабында 13 жасанды карьер бар екенін, оның бəрін жаба алмайтындарын, əйткенмен, оларға барушылар үшін ешқандай жағдайдың жасалмағанын айтты. Брифинг барысында бұл айтылғандарға қоса мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты жасалып жатқан игі істер, емханаларды күрделі жөндеуден өткізу, үйлердің қасбетін, шатырларын жөндеу, саябақтар жасау, жанар-жағармай стансасының құрылысы, жағажайды сенімгерлік басқаруға беру, аудан көлеміндегі апатты көп қабатты 19 үйдің (166 пəтер) мəселесі де сөз болмай қалмады. Осылайша индерліктер ауданның болашағынан үлкен үміт күтіп отыр.

 Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button