Атырауда ардагерлер күресті

81977544 2618317605055281 6780594079991332864 n 1 Жаңалықтар

Atr.kz/22 қаңтар, 2020 жыл. Ақтөбе қаласында Ақтан батыр Ақайұлының жүлдесі үшін еркін күрестен ардагерлер арасында республикалық турнир болып өтті. Осымен төртінші мәрте ұйымдастырылған бұл жарыста  Атырау облысының ардагер спортшылары 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі.

Үш күнге созылған  боз кілем додасының қорытындысында Рашид Мусин (78 келі), Сергей Елесейев (100 келі), Дамир Тілеуғалиев (78 келі ) және Амантай Нурадиловтер (70 келі ) өз салмақ дәрежелерінде үздік шығып,  жеңіс тұғырының биік сатысынан орын алды. Ал ақтық сында ғана есе жіберген Әділбек Жәнібекұлы (78 келі)  мен Нүркен Оңғаровқа  (100 келі)  күміс жүлде  бұйырса, Нұрлыбек Нигмашев (78 келі), Артур Усиев (88 келі),  Асылбек Лекеровтер  (70 келі)  үздік үштіктен көрінді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

81173037 2618317635055278 7262759439491399680 n
81614995 2618317505055291 4104109051128840192 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз