Жарнама
Жаңалықтар

Индер ауданында су басу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Индер ауданында су басу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудан бойынша қар суының үйге кірмеуін қамтамасыз ету үшін қазір мұнда 18 техника жұмылдырылған. Негізгі басты қауіпті аймақтар белгіленген. Олар Индербор кенті, Жарсуат, Өрлік, Елтай ауылдық округтері. Ал ауылдық округтерде қауіпті деп саналатын жерлер ішінара кездеседі.

Ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде күні бүгінде Жарсуат ауылдық округінде жағдай қалыпқа келді.

-Өңірде қардың көп болуына байланысты қаупі әлі сейілген жоқ. Яғни ауа райы күрт жылынып, жауын-шашын түскен жағдайда, ауданның бірқатар ауылдарында еріген қардың салдарынан қиындық болуы ықтимал, сондықтан ең бастысы тұрғын үйлерге су кіру жағдайын болдырмау үшін күшейтілген режимде жұмыс жасаудамыз,- деді Д.Шамұратов.

Оның айтуынша, қазір барлығы 22 мотопомпа жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметінің екі су соратын көлігі қосымша күш ретінде жұмылдырылды.

Айта кетейік, қар қалың жауған қыс айларында Индер ауданы бойынша 11 мың куб қар шығарылған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button