Атырауда тіс дәрігерлері бригадамен жұмыс жасауда (+ВИДЕО)

6d0064eb 08bc 44de 9429 a554c349c959 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Кенеттен жер жаһанды жаулап алған коронавирустың пандемиясы бар әлемді дүр сілкіндірді. Мұндай жағдайды ешкім күткен  жоқ және бұл соққыға дайын еместігіміз де рас еді. Алайда, әрбір адамның азаматтық парызының арқасында індетпен жан-жақты күрес жүргізілуде.

https://youtu.be/gshGfLZb9H8

    Осы орайда «Стоматология» ұжымы бұл жауапкершілікті толықтай түсінеміз және қолдаймыз. Бұл жағдайда ұжым мүшелері түсіністік танытып, жұмыс орны сақталатын еңбекақысыз демалысқа кетті. Оларға Президент Жарлығына сәйкес, 42 500 теңге төленуде.

   Алайда, бұл облыс орталығындағы стоматологиялық ең ірі мекеме болғандықтан, мұнда жедел көмек көрсету үшін терапиялық және хирургиялық мамандандырылған бригада жұмыс жасауда. Барлық сақтық шаралары қолға алынған. Арнайы бригада мүшелері обаға қарсы күрес костюмімен қамтылды. Келген пациенттер де эпидемиялогиялық тәртіпке сай  қабылданады. Кезек күтуде ара-қашықтықты сақтау қатаң тексеріледі. Ұжым мүшелерінің қауіпті жағдайда атқарып жатқан жұмыстары жөнінде бейнеролик дайындалды.

3e31b7c4 1ddc 4798 933e 9d2b01f2e259

Төтенше жағдайда халыққа қызмет көрсетіп жатқан бұл мекемедегі еңбек және эпиядемиялогиялық тәртіптерді қадағалауда Қазақстандық салалық денсаулық қызметкерлерінің кәсіподағы Атырау облыстық комитетінің төрайымы Нұртан Сәрсенова ұжым мүшелерімен кездесті. Қазіргі ахуалға байланысты елімізде көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы айтып, моральдық- психологиялық көмек көрсетті. Сондай-ақ, сала мамандарына азық-түлік себеті үлестірілді. Қызметкерлерге ыстық тамақ ұйымдастыру үшін қаржылай да көмек көрсетті.

    Дәрігер-стоматолог Алмат Нығметов, мейірбике Назым Сидағалиева «Кәсіподақтың күші – бірлікте» ұранының  шын мәніндегі орындалысы үшін алғыс білдірді. Халық әрқашан бірлікте болса, алынбайтын қамал жоқ екенін айтып, бұл індетті де жеңетіндіктерін жеткізді.

Гүлжан ЖҰМАХАНОВА,

«Стоматология» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрайымы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз