Жарнама
Жаңалықтар

Елорда әлем қаласына айналды

Atr.kz/25 наурыз, 2019 жыл.  Қоғам қайраткері Ұзаққали Елеубаев Бас қаланың Елбасының төл туындысы екенін айтты.

Тарихи оқиғаның алғашқы бастауынан бері Астанамен тығыз байланыста жұмыс істедім. Ұзақ жылдар Парламент Мәжілісінің депутаты болдым. Осылайша, бас қала көз алдымда өсті. Кезінде тақыр жерден тұрғызылған Бас қаланың бүгінгідей әлем қаласына айналуы — өте үлкен еңбектің жемісі. Мұның бастауында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев тұр.

IMG 20190325 WA0038

Бүгінде Елорда дүниежүзілік маңызы зор шешімдер қабылданатын маңызды орталыққа айналдырды. Елбасы қысқа мерзім ішінде Бас қаланы адам танымастай етіп өзгертті. Бас қаламызға Нұр — Сұлтан атауының берілуі халқымыздың тілегі» деп түйіндеді ол.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырау қаласындағы “Жайық” спорт кешенінде мерекелік концерт өтуде. Бас қаламыздың атауының өзгеру құрметіне өтіп жатқан салтанатты концертті Нұр Отан партиясы Атырау облыстық филиалы өткізуде.

Амандық Абдолов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button