Сарайшық жағалауын бекіту жұмыстары аяқталды

20180707013930 Жаңалықтар

Махамбет ауданындағы Жайық өзенінен «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасына енген сырлы Сарайшықтың ежелгі жерін қорғауға арналған қорғаныс бөгетінің құрылысы салтанатты түрде ашылды.

20180707013944

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев облыс тұрғындарын атаулы күнмен құттықтады.

«Сарайшық – тарихи орын. Жібек жолы бойында орналасқан бұл көне шаһар енді туристік орталыққа айналады. 2015 жылы қалашық орнын Жайықтың тасқын суынан сақтап қалу үшін қаражат бөлінді. Қазақстандықтар үшін маңызды мереке Астананың 20 жылдығында жұмыстың аяқталғаны да жақсылықтың нышаны. Мемлекет басшысы еліміздегі киелі орындарға әркез көңіл бөліп келеді. Болашақта туристік орталық салуды жоспарлап отырмыз», – деді Әлібек Нәутиев.

20180707013930

Айта кетейік, екі жыл ішінде құрылысшылар биіктігі 3,6 м, ұзындығы 1,5 км қорғаныс бөгетін салды. Бұл жұмыстарға 1 млрд 700 млн теңге бөлінді.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз