ЖаңалықтарЭкономика
Елімізде жаңа ақшаның аналымға енетіні рас па?
Atr.kz/11 маусым, 2019 жыл. Ел ішінде «Еуразиялық экономикалық одақ бойынша жаңа ақша енгізіледі-міс. Оны «алтын» деп атайды екен» деген әңгімелер айтылуда.
Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова бұл қауесеттің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде жария етті.
«Еуразиялық экономикалық одақ аясында ешқашан бұл мәселе талқыланбағанын және қандай да бір бірыңғай валютаны енгізу күн тәртібінде тұрмағанын Ұлттық банктің атынан ресми түрде мәлімдей аламын» деді төрағаның орынбасары Мәдина Әбілқасымова.
Оның пікірінше, ЕАЭО ауқымында әр ел өзінің ұлттық валютасын иемденіп отыр. Сәйкесінше, осы мемлекеттердің өзіндік ақшанесиелік саясаты жүргізіледі. «Алтын» ақшаның бар ақиқаты осы.
Бек АЙДАРӘЛИ