Әуе, темір жол рейстері ашылмайды: Атырауда карантин созылды

12 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/23 мамыр, 2020 жыл.  Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері бекіткен №44 Қаулыда жарияланған.

«Темір жол вокзалы, әуежай, автовокзалдардың қызметін уақытша тоқтату жалғасады. Үкіметтік маңыздағы рейстер ғана жүзеге асырылады » делінген Қаулыда.

Сонымен бірге, карантиндік шектеулер Атырау қаласымен бірге, Мақат, Жылыой аудандарында жалғасып отыр.

Десе де, дәмхана, кафе, мейрамханалар жұмысына рұқсат берілді. Қоғамдық тамақтану орындары кешкі сағат 22.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз