Атырау көшелерінің бірінде қауіпті құдық пайда болды

кудык 3 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы Уәлиханов пен Махамбет көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында терең құдық пайда болды. Енді одан тұрғындар үшін қауіп төніп тұр.

кудык (3)

Құдықтың тереңдігі 1,5 метрге дейін барады. Оның пайда болғанына бір айдан аса уақыт өткен. Әзірге тек металл табақтармен қоршалып қойған.

кудык (2)

Осы жерден күн сайын өтетін тұрғындардың айтуына қарағанда, бұл аумақта адам көп жүреді. Өйтпегенде ше? Бұл маңға №30 балабақша мен №17 жалпы білім беретін мектеп жақын орналасқан. Ал, ауа-райы күрт өзгеріп, жаңбыр жауған күндері тіпті қиын екен. Бұл кезде құдық одан сайын кеңейе түседі. Сондықтан, бұл жерден өту жаяу жүргіншілер үшін өте қауіпті.

– Жүргізілген тексерістер негізінде бұл аумақта инженерлік жүйелер жүргізілгендігі белгілі болды. Олардың иелері – «Атырау Су Арнасы» коммуналдық мекемелік кәсіпорны мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы. Оларға жиналған топырақ шөгіндісін жойып, тас төсеуіштермен  (брусчатка) көмкерілген жаяу жүргіншілер жолын қайта қалпына келтіру жөнінде хат жолданды. Анықталған кемшіліктер көп кешікпей түзетілетін болады, – деп сендірді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи.

Мөлдір ҚҰМАШЕВА.

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз