
Жаңалықтар
Елімізде «30 игілікті іс» қайырымдылық акциясы басталады
«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстанда «30 игілікті іс» атты республикалық акция басталады» деп хабарлайды Atr.kz
1 наурыздан бастап іске қосылатын акция республика бойынша қайырымдылық іс шараларының ұйымдастырылуын көздейді. Айталық, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.
Аталмыш акция аясында Атырау өңірінде де ауқымды жобалар жоспарланған.
Еске сала кетсек, өткен жылы енгізілген төтенше жағдай кезінде облыста 3 мыңға жуық волонтер қайырымдылық істерге жұмылған болатын. Сындарлы кезеңде 2 500-ден астам аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты қариялар, көп балалы аналар мен мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілді.