Атырауда мемлекеттік қызмет саласы бойынша «ашық есік күні» өтеді
Atr.kz/27-ақпан, 2019 жыл. Ертең сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде «Ашық есік күні» өтеді.
Мұнда тұрғындарға уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпараттар ұсынылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға түсіндірме беріледі. Сондай-ақ, әкімшілік ғимаратына экскурсия жүргізіледі.
Шараның басты мақсаты — департамент пен халық арасында сенімгерлік және серіктестік қатынас орнату, сонымен қатар азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және жемқорлық көріністеріне төзбеуге тәрбиелеу болып табылады.
«Ашық есік күні» Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 134 а мекен-жайында өткізілмек.
Айбөпе САБЫРОВА.