COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Дәрі-дәрмек жетіспей жатса, «СК Фармация» мекемесінен талап етіледі
Atr.kz / 18 шілде, 2020 жыл. Бұл туралы брифингте айтқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров қала мен аудандардағы әр ауруханамен, әр емханамен үздіксіз байланысып отырғанын жеткізді.
«Егер дәрі-дәрмек жетпесе, біз дереу «СК Фармация» мекемесімен тікелей байланысқа шығып, талап қойып, сұратамыз және алдырамыз» деді ол.
Сондай-ақ, спикер, дәрі-дәрмектен бөлек, ауруханалар мен емханалардың жанынан ашылған кулл-орталықтар онлайн-кеңес беретінін де атап өтті. Онда 20-дан астам білікті медициналық қызметкер, оның ішінде, МӘМС қорының өкілдері де бар.
«Atr-Ақпарат»