COVID-19 : Атырауда тағы 62 науқас тіркелді

b2322401 12fd 4236 8819 87e2f8171861 768x432 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында өткен тәулікте 62  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен скринингтік тексеріс кезінде  32 жұмысшыдан, Жылыой-3, Қызылқоға -1, Индер-5, Исатай-1, Махамбет -2, Мақат -1, Құрманғазы ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 27-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 19 адам емделіп шықтыі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 232  адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  106 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 20,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 425 адам ем қабылдауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз