Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Діни радикализмнің таралуына не түрткі?

Облыс әкімі Н.Ноғаевтың төрағалығымен өткен облыстық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысында Жылыой, Махамбет және Құрманғазы аудандары әкімдерінің терроризмге қарсы комиссияларының өңірдегі діни радикализмнің таралуына әсер ететін проблемаларды жою бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.

дін мен діл

Отырыс барысында діни экстремизм мен терроризм профилактикасы саласындағы шараларды тиімді жүзеге асыру, радикалды діни идеология таралуының алғышарттарын жою және оның алдын алу, жастар арасында конфессияаралық және ұлтаралық келісім құндылықтарын нығайту, балалар мен жасөспірімдер тарапынан ұсынылатын бағдарламалар мен жобаларды жетілдіру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының хабарлауынша, қала және аудандар әкімдіктеріне жауапты мемлекеттік органдарымен бірлесіп, жұмыстарын одан әрі жетілдіру және ведомствоаралық іс-қимылды үйлестіріп, күшейту тапсырылды.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button