Жарнама
Жаңалықтар

ДҮРЛІГУГЕ ЕШҚАНДАЙ НЕГІЗ ЖОҚ

  Кеше «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында ҚР «Ұлттық банкі» АҚ Атырау филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақов, «Каspi bank», «Банк Центр Кредит», «Альянс банк» филиалдарының басшылары келіп, журналистердің сауалдарына жауап берді.  

«Ұлттық банк» АҚ филиал директоры Қозыбақ Әбуұлының айтуынша, 1999 жылдан бері елімізде кепілдік қоры қызмет етеді. 5 млн.теңгеге дейінгі қаражатын депозитте сақтаған салымшыларға банк банкрот болған жағдайда да мемлекет кепілдік береді.

«Небары екі күннің ішінде салымшыларымыз депозиттегі ақшасын түсіріп үлгерді. Нарықта мұндай жағдай бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Сондықтан, банк қызметін әрі қарай да жалғастыра бермек. 3,7 млрд. АҚШ доллар капиталы бар банктің құлдырауы мүмкін емес»,-деп  сендірді «Каspi bank» Атырау филиалының директоры Жанат Сәрсенбеков. 

Ал, «Альянс банк» Атырау филиалының директоры Алма Байнекеева өткен аптада жинағын депозиттен түсіріп алған клиенттері ресми мәлімдемеден соң қаражаттарын қайтарып жатқандығын жеткізді. «Банк Центр Кредит» АҚ Атырау филиалының директоры Мұратбек Жалбыров акционерлері Оңтүстік Корея және тағы да басқа ірі әлемдік банктер екендігін, тіпті валюта өзгерісі де кесірін тигізбегенін айтты.

Айбөпе САБЫРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button