Қазақстанның қай өңірінде демалыс пен ем алу арзан тұрады?

1 Жаңалықтар

Былтыр Қазақстанда санаторийлер мен басқа да медициналық оңалту ұйымдарының қызметін 218,9 мың адам пайдаланған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 30,1%-ке аз. Өңірлік бөліністе емделіп, демалушылардың 60,5%-і Түркістан, Алматы және Ақмола облыстарындағы санаторийлерді таңдаған.

Еnergyprom сарапшылары Қазақстанның өңірлеріндегі санаторийлердің орташа бағасын жариялады.

2020 жылы емделушілер мен демалушылардың 61,3%-і шипажайға, 21,1%-і оңалту орталықтарына, 6%-і профилакторийлерге, 3,5%-і мамандандырылған санаторийлерге барған.

2021 жылдың сәуірінде Қазақстандағы санаторийлер қызметінің тәулігіне орташа есеппен ақысы 11,9 мың теңгеге болған. Бұл саладағы баға бір жылда 1,8%-ке өскен.

Ірі қалалар мен мегаполистер арасында ең қымбат санаторий Нұр-Сұлтанда (тәулігіне 16,9 мың теңге), ал ең арзаны Түркістанда (тәулігіне 9 мың теңге).

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, барлық өңірдегі баға былтырғымен салыстырғанда өзгеріссіз қалған. Тек Қарағанды облысында қызмет құны бір жылда 13,6%-ке, Маңғыстау облысында 5,1%-ке, Нұр-Сұлтанда 3,5%-ке өсті.

Былтыр елде 153 қалпына келтіру және медициналық оңалту ұйымы болған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,5%-ке көп. Олардың ішінде 92 санаторий, 25 оңалту орталығы, 15 мамандандырылған санаторий, 9 профилакторий болды.

Ұйымдардың көп бөлігі жеке бизнеске тиесілі (107). Ал 43 мекеме мемлекетке тиесілі болса, 3 мекеме шетелдік меншікте болды.

01 04

Дереккөз: «Айқын»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз