Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Біз де адамбыз»

«Біз де адамбыз» қоғамдық қорының басшысы Гүлназ Космурзиева БАҚ өкілдеріне, жергілікті блогерлер мен демеуші компанияларға кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған  жаңа жобаны таныстырды.

Қазақстан 2015 жылы ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедек жандардың басқалармен тең дәрежеде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді қоса алғанда, көлікке, ақпарат пен байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды жүргізуге міндеттеледі. Алайда, аталмыш бағытта жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бір жерден екінші жерге қатынау мәселесі әлі де өзекті әрі шешілмеген болып қалуда. 

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік өмірге қол жеткізу қажетті инфраструктурасыз мүмкін емес.  Көптеген адамдар үшін кедергісіз орта тек пандустардың болуын білдіреді, бірақ іс жүзінде кедергісіз орта халықтың аз қозғалатын топтарының барлық өкілдері үшін қажет. Оларға мүгедектер, баспалдақпен жүру қиынға соғатын қарт адамдар, тіпті кішкентай баласын арбамен тасымалдайтын аналар да кіреді. Біздің «Кедергісіз Атырау» атты жобамыз мүгедек адамдардың еркін жүріп-тұру құқықтарын қорғау, олардың қалаған объектілер мен қызмет көрсететін ғимараттарға оңай қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Осы мақсатқа жету үшін біздер қала тұрғындары жиі баратын және маңызды мекемелер мен ұйымдардың қолжетімділігін тұрақты түрде тексереміз. Қазіргі уақытта Атырау облысының құрылыс басқармасымен бірлесіп қол жетімділік картасын жасау бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Картада кедергісіз ортаның техникалық нормаларына жауап беретін ғимараттар мен мекемелер көрсетіледі. Сондай — ақ, Атырау облыстық кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп жергілікті кәсіпкерлер үшін таныстыру семинарлары өткізілетін болады, онда біз өз жобамызды таныстырамыз, және кәсіпкерлердің өз мекемелерін барлық азаматтар үшін қолжетімді етуі кедергісіз орта қалыптастыруда үлкен мәнге ие екендігін айтамыз , — деді жоба туралы Қор басшысы Гүлназ Қосмурзиева

Жобаны іске асыру аясында жергілікті кәсіпкерлерді техникалық стандарттарға сәйкес пандустар орнатуға шақыратын бірқатар медиа материалдар және жүргізушілерге «мүгедектігі бар адамдар» белгісі бар орындарда тұрақ ережелерін сақтауды сұрайтын, заңнаманы бұзған уақытта қандай жаза күтетіні туралы бейне үндеулер әзірленеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button