Баннер 9 мая от газеты Атырау

Елімізде сегіз бірдей колледждің жабылу себебі анықталды

2021021215365831191 a4ff2618d8c8d05994ad20e6d72f2253 resize Жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды.

Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп, тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады. Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге (бірінші курсқа) оқуға түсуге қызығушылық танытпаған.

Мысалы, Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжінде білім алған студенттер түлек атанған соң, аталмыш оқу орындарының басшылығы лицензияларын өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады. Жалпы барлық жабылған колледж студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылды және оқытушылары жұмыспен қамтамасыз етілді.

ҚР БҒМ колледждердің білім беру қызметіне қатысты мониторинг жұмыстарын жалғастырады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз