
Биыл ҚР мәслихаттарының құрылғанына — 25 жыл
Atr.kz/13 желтоқсан, 2019 жыл. Қазіргі таңда мерейлі мерекеге орай Атырау облысында іс-шаралар өтуде , — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облыстық мәслихаты практикалық конференция мен салтанатты жиын өткізуге ниетті. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ Зинуллин мәлімдеді.
— Жыл басынан бері облыстық мәслихатта 40-тан астам сессиясында 112 мәселе қарастырылды. Бұл мәслихаттың өңірлік мәселелерге баса назар аударып жатқандығын көрсетеді, — деді Өмірзақ Зинуллин.
Сонымен қатар, мәслихаттар әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге де белсене атсалысады. Солардың бірі – аудандық депутаттар. Олар өз тараптарынан демеушілік жасау барысында жыл сайын көптеген мәселелердің шешімін тауып жүр.
