ДЕПАРТАМЕНТТЕ – ЖАҢА БАСШЫ

Бейсенбі күні ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы тағайындалды. Атырауға арнайы іссапармен келген еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко жаңа басшы Сағынбек ӨМІРЗАҚОВТЫ ведомствоның Атырау облысындағы аумақтық органдарының жеке құрамына таныстырды. Алқалы жиынға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметіне артылған жүк – жеңіл емес. Бұл асқан жауапкершілікті талап етеді. Әңгімесін осы тұрғыда бастаған В. Божко жаңа басшының бұл салаға  қосқан сүбелі үлесін атап өтті.

Сағынбек Өмірзақов 1965 жылдың 31 наурызында Атырау қаласында туған. Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын және еліміздегі құтқарушыларды дайындайтын Көкшетау техникалық институтын  бітірген. Ол өртке қарсы қызмет органдары жүйесінде 1988 жылдан бастап жұмыс істейді. Еңбек жолын Балықшы поселкесіндегі №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметінен бастаған. 2010 жылы Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Ал, бүгінгі тағайындауға дейін ол Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған. С.Өмірзақов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Қарулы Күштеріне – 10 жыл» медальдарымен және бірнеше мерекелік төсбелгілермен марапатталған.

Жиында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жаңа басшының қызметіне табыс тіледі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз