Біреуі медбике, Атырауда вирус жұқтырған соңғы екі науқастың кімдер екені белгілі болды
Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Екі әйел адам вирус жұқтырған науқаспен қарым-қатынас жасағандардың қатарында болған.
«Вирус жұқтырушы 28 жастағы науқас 1 сәуірге қараған түні ауруханаға жатқызылған болатын. Кейін 34 жастағы медбике мен 21 жастағы қыз бала вирус жұқтырушы науқаспен байланыста болғандар тізіміне енгізілді» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметте.
Қазіргі таңда науқастар инфекциялық стационарда ем алып жатыр. Пациенттердің жағдайы тұрақты.
Еске сала кетелік, бұған дейін коронавирус инфекциясының Қызылқоға ауданы тұрғынынан табылғанын хабарлаған едік. 28 жастағы қызылқоғалық әйел адам тұмау белгілерімен Атырау облыстық ауруханасының көмегіне жүгінген болатын. Қазіргі таңда қызылқоғалық науқаспен қарым-қатынас жасағандардың барлығы анықталып, оқшауланды.
Медициналық орталық дезинфекцияланды.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметке қарағанда, әлемде бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 77 136 адамға жеткен. Қазіргі таңда дүние жүзінде 937 127 адам осы дертпен күресіп жатыр. Өкінішке орай, 194 286 адам көз жұмды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА