340 матрас, 296 кілем (ковролан) тегін таратылды

whatsapp image 2021 10 07 at 17.02.31 Жаңалықтар

«Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Consolidated Contractors Company» компаниясы Атырау қаласының мүмкіндігі шектеулі жандарына 340 матрас 296 (3×6 метр) ковроланды тегін таратты, деп хабарлайды atr.kz

 Атап айтқанда, «ЖанЕркемай» қоғамдық қорына, Еркінқала ауылының аз қамтылған отбасыларына және «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының көмек алушы отбасыларына, облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандарға матрастар волонтерлардың көмегімен жеткізілді.

Үнемі қайырымдылық жасап жүретін «Consolidated Contractors Company» компаниясы осы жолы да бірқатар жандардың  алғысына кенелді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз