Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Белгілі профессор Қазақстандағы эпидемияның қашан бітетінін айтты

Atr.kz / 16 шілде, 2020 жыл. 2020 жылы әлемнің зәресін алған коронавирус індетінің тырнағына Қазақстан да ілінді. Көктемнен бастап өршіген тәж тажалға қазір де ауыздық болмай тұр. Науқастар арасында қайталап аурудан жығылып жатқандар да бар. Алды титықтай да бастады. Қазір барлық адамның санасында: «Бұл зауал қашан тоқтайды» деген бір сауал.

Бұл сауалға NV.kz сайтына берген сұқбатында жұқпалы аурулар жөніндегі маман-консультант, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, жоғары санатты дәрігер Ғалия Қабылқызы Жұманбаева белгілі бір деңгейде жауап берген. Оның айтуынша, Қазақстанда бұл вирус екі жолмен таралуда.

— Ең біріншісінде ол адам ағзасының тыныс жолына түседі. Ол бірден мінез көрсетпейді, өзінің жасырын мақсатын адамның газ алмасу шекарасында жүзеге асырады, сол жерде науқастың қанын оттегімен қанықтыруға кедергі болатын микротромб тудырады. Осыған байланысты сатурация төмендейді. Вирусты болашақ науқас жұтып та қоюы мүмкін. Ондайда вирус асқазан-ішек жолына түседі, егер ол асқазанның қышқыл тосқауылынан өтсе, ащы ішек арқылы жүреді. Ал ішек жұқа, сондықтан ол эпителий жасушалары арқылы қан айналымы жүйесіне түседі, сөйтіп адамда қалтырау немесе денесін қыздыра бастайды. Ол, айналып келгенде, қан айналым жүйесіндегі көптеген мүшелердің жұмысының бұзылуына әкеліп соғады: бүйректің зақымдануы, зәр шығару мен дегидратацияның жоғарылауы, немесе, керісінше, ісіну дегендей. Сол секілді вирус асқазанға түскенде ұйқы безіне әсер етуі мүмкін, мұндайда науқаста құсу, диарея және тәбеттің жоғалуы болады. Вирус зақымдайтын нәрсесін зақымдап келіп, оның ақырғы тырнағына ілінетін шегі — жүрек-қантамыр жүйесі: ол тамырлардың эндотелиясын зақымдайды, демек, инфаркт, инсульт және т.б, — деп түсіндірді профессор.

Жұманбаеваның пайымдауынша, вирусқа қарсы ең тиімді қорғаныс — бұл біздің иммунитетіміз.

— Маска туралы пікір әралуан. Бірақ көп бар жерде міндетті түрде маска кию керек. Өйткені вирус мұрын мен ауыз арқылы енеді ғой, — деп жалғастырады өз сөзін дәрігер.

Дәрігер сырттан қандай да бір көмекті күтудің қажеті жоқ екенін айтады.

— Өзіңізге ғана арқа сүйей аласыз, басқа ешкімге емес. Жылдам және қарқынды түрде емделу керек, сырттан қандай да бір көмек күтудің қажеті жоқ, вирустың шабуылын алдын-ала болжап, одан 3 қадам алда болып отыруыңыз керек. Пневмония іс жүзінде белгісі, дене қызуы, жөтелі жоқ, қандай да бір аурырсынусыз да бола береді, егер КТ-да өкпенің зақымдануының 60 пайыз екені анықталса, онда барлық терапевтік шаралар кешенін қабылдау керек болады, — дейді дәрігер.

Оның болжамына сәйкес, эпидемия бүкіл халық індетті жұқтырған кезде аяқталады.

— Тұқымдық иммунитет 70% жеткен кезде, яғни елдің барлық дерлік тұрғындары вирусты жұқтырса, эпидемия тоқтайды. Бірақ елдің бәрінде иммунитеті бар бола бермейтінін ескерсек, ол да тұрақты жағдай емес, яғни эпидемия тоқтағанымен ол ұзаққа созылмауы мүмкін, өйткені иммунитет РНҚ бар вирустың мутацияларына бейімделіп үлгермеуі мүмкін, сондықтан шамамен 3 айдан кейін індет қайта өршиді, адамдар қайталап ауруы мүмкін, салдарынан тағы бір карантинге қайта ораламыз. Себебі адам бойында ауруға қарсы пайда болған иммунитет орта есеппен 3 ай сақталып, одан кейін өз күшін жояды, — деп сөзін қорытындылайды маман.

«Закон.кз»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button