Жұлдыз жорамал: 2022 жылы кімдер табысқа кенеледі

1516705621 1164116 original Жаңалықтар

Келе жатқан 2022 жыл қай зодиак белгісі үшін сәттілік әкеледі, кімнің махаббатта жолы болады, ал кімді үлкен өзгерістер күтіп тұр?

2022 жыл – барыс жылы. Астрологтардың айтуынша, бұл жыл көптен бері өзгеріс күтіп жүрген адамдар үшін қолайлы жыл болады. 2022 жыл жұмысты ауыстырудан бастап, басқа елге көшуге дейінгі түбегейлі өзгерістер үшін ең сәтті уақыт болмақ, деп жазады «Московский комсомолец» басылымы.

2022 жыл қай зодиак белгісіне сәттілік әкеледі

2022 жылы Сарышаяндар маңызды табысқа қол жеткізе алады, бұған дейін іске асыра алмаған жобаларын жүзеге асырады. Ең алдымен қаржы жағынан, сондай-ақ махаббатта та жолы болады.

Тұрғылықты жерді ауыстыру, басқа қалаға көшу және жаңа жұмыс та сәттілік әкелуі мүмкін, бірақ мұндай шешім қабылдар алдында бәрін жақсылап ойластырған жөн.

Мамандардың айтуынша, барыс жылы Мергендер үшін де сәтті жыл болады. 2022 жылы олар 2021 жылы еткен еңбектің жемісін көреді. Мол табыс әкелетін іске ақша салу, жылжымайтын мүлік сатып алу немесе сату үшін қолайлы уақыт. Олар табыстың айтарлықтай өскеніне байланысты артық ақшаны қажетіне жарата алады.

Тауешкілер тұрақты табысқа бірден қол жеткізе алмауы мүмкін, бірақ оларды жұмыста, кәсіби және отбасылық өмірде көптеген жақсы сәттер күтеді, сондай-ақ барлық мәселесі оңай шешіледі.

Келер жыл Балық белгісінде туған адамдар үшін мол қуаныш алып келеді. Жұлдыздар оларға маңызды жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді, ал сәттілік ажырамас серігі болады.

Сонымен қатар жұмысын ауыстырып, тіпті басқа кәсіби салада бағын сынап көргісі келетін балықтар үшін де сәтті жыл болады. Өмірлік серігін іздеп жүрген балықтар дәл осы жылы нағыз махаббатын табады.

Жаңа жылда кімдер байып кетуі мүмкін

2022 жылы Тоқтыларды іскерлік және кәсіпте сәттілік күтіп тұр. Астролог Павел Глоба осы зодиак белгісінің өкілдерін күмәнді жиып қойып, тәуекелге баруға шақырды. 2022 жылдың бірінші жартысында тоқтылар жоспар құрып, дайындалуы қажет.

Келер жыл Егіздер үшін сынаққа толы болады, бірақ олар қиындықты еш қиындықсыз шешеді. Бұл зодиак өкілдерін жұмыста өзгеріс күтеді, бұл өзгеріс материалдық жағдайды жақсартады.

Сарышаяндар жұмыс пен хоббиді үйлестіріп, көп ақша таба алады. Мансапта қажетті нәтижеге жету үшін осы белгінің өкілдері көп жұмыс істеуі керек.

Суқұйғыштар да жаңа жетістікке жетуі үшін көп еңбектенуі керек. 2022 жылдың бірінші жартысы іскерлік мәселе мен жаңа жобаларды шешу үшін өте ыңғайлы уақыт.

Ең сәтті айлар

2022 жыл тәуекелге баруға қорықпайтын адамдар үшін табысты болады. 2022 жылдың элементі – су, ал мамыр, шілде және қазан ең сәтті ай болады. 2022 жылы 1, 3 және 4 сандары сәттілік әкеледі. Қытай ай күнтізбесінің 16 және 27 күндері ең қолайлы болады.

Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа 2022 жыл 1 ақпанда келеді. Осылайша, 2023 жылдың 21 қаңтарына дейін барыс жылы болып есептеледі.

Ең сәтті айлар

2022 жыл тәуекелге баруға қорықпайтын адамдар үшін табысты болады. 2022 жылдың элементі – су, ал мамыр, шілде және қазан ең сәтті ай болады. 2022 жылы 1, 3 және 4 сандары сәттілік әкеледі. Қытай ай күнтізбесінің 16 және 27 күндері ең қолайлы болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз