Атырауда қар тазалау жұмыстары жалғасуда

329236465 669281458326533 1913159937725014330 n Жаңалықтар

Қаланы қардан тазалау жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Тазалық жұмыстары ең алдымен әлеуметтік нысандар, оның ішінде тұрғын үй кешендері, білім беру нысандары, денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізілуде. Сондай-ақ, ауылішілік жолдарды тазарту ісі де – басты назарда.

8 ақпан күні қарды тазартуға 96 техника жұмылдырылып, 1020 шаршы метр қар шығарылды. Жалпы, 4-8 ақпан аралығында 5800 шаршы метр қар шығарылып, 117 тонна арнайы реагент себілді.

Қазіргі кезде қар тазалауда коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мен техникалары дамыл таппай жұмыстарын атқару үстінде. Олар жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалардың маңын тазалап,тұрғындардың жүріп-тұруына қиындық тудырмас үшін жұмыс атқаруда. Бұл жұмыстар жалғасады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз