«Бекіре — 2023»: тас жолда балық өнімдерін құжатсыз тасымалдаған 2 факті анықталды
Атырау облысында ағымдағы жылдың 1 сәуір — 31 мамыр айы аралығында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бірнеше құқыбұзушылықты анықтады.
Мәселен, 22 сәуір күні Ақтөбе-Астрахань тас жолының 618 шақырым тұсында маркасы Granta автокөлігін тексеру кезінде көлік жүргізушісі 6 қапқа салынған қара балық өнімдерін құжатсыз тасымалдағаны анықталды. Сонымен қатар, 24 сәуір күні сағат 20:50 шамасында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 616 шақырым тұсында маркасы Volkswagen Polo автокөлігі тоқтатылып, тексеру кезінде автокөлік салонынан салмағы 20 келі болатын шортан уылдырығы құжатсыз тасымалданғаны анықталды.
Аталған деректер негізінде автокөлік жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.