Басты мақсат – сәбилерді сауықтыру
«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы консорциумның демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы аясында Атырау облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап мереке ұйымдастырды.
Компания мұндай шараларды жылма-жыл өткізіп келеді. Ол экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мәдени мұра, спорт салаларын қолдауға, сондай-ақ тұрмысы төмен жандарға көмек көрсетуге бағытталған.
— Мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі балалардың біздің мейіріміміз бен қамқорлығымызға мұқтаж екенін есімізге үнемі түсіріп отырады. Сондықтан да, бүлдіршіндердің мәселелеріне, әлеуметтік және рухани жағдайларына көңіл бөлу — біздің басты міндетіміз, — деді мерекелік шараны ашқан НКОК компаниясының қоғаммен қарым-қатынас орнату бөлімінің бастығы Жағыпар Егізбаев.
Көңілді шараға барлығы 153 мүмкіндігі шектеулі бала қатысты. Мереке барысында қызықты ойындар, интерактивті сайыстар өткізіліп, ойыншықтар мен тәттілер табысталды.
Нұрислам МӘУЛЕНҰЛЫ.