Елімізде жұмыссыз әйелдер үшін жаңа жұмыс орындары ашылады

screenshot 20 Жаңалықтар

Қазақстанда 50 жастан асқан бір миллионға жуық әйел бар. Соның ішінде 325 мыңы жұмыссыз жандар. “Күміс жас” жобасы аясында зейнет жасына дейінгі аналарға жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Stan.kz

“Жұмыс күшінің 50 пайызға жуығы – әйелдер. Олардың арасында баламен үйде отырған аналар бар. Ауыл азаматтары бар, оларды жұмыспен қамту қиындау. Сондықтан әйелдердің жұмыссыздығы басым болып отыр”, – деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрдің сөзінше, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар үшін «Күміс жас» жобасын іске асыру жалғасын табады. Осыған орай зейнет жасына дейінгі нақты әйелдер саны қарастырылған. 

“50 жастан асқан 964 мыңға жуық әйел бар. Соның ішінде 325 мыңы жұмыс істемейтін әйелдер. Олар ешқашан жұмысқа шықпаған, еңбек өтілі жоқ. Көпшілігі бала күтімімен отырған аналар. Сондықтан біз “Күміс жас” жобасын 50 жастан асқан әйелдерге қатысты әзірлейтін болдық. Осы азаматтар үшін 131 млрд теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде әлеуметтік қызмет орындары да бар. Сондай-ақ, көп балалы отбасыларға, әлжуаз азаматтарға арналған гранттар бар. Сондықтан да осы мемлекет тарапынан ашылатын жұмыс орындарына жұмыссыз әйелдерді тартуды қарастырамыз”, – деді Тамара Дүйсенова. 

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, аталмыш жоба аясында жыл сайын кемінде 15 мың адамды жұмыспен қамтиды. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз