whatsapp image 2020 08 10 at 12.27.29 5

Махамбет Досмұхамбетов аймақтық жобалардың шеңберінде жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды

Аудан хабарлары Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Экономика Қоғам

Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Индер ауданына барып, ауыл шаруашылығы,  тұрғын үй құрылыстары мен елді мекендерді асфальттау жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Атырау облыстық  коммуникациялар қызметі.

Көктоғай, Елтай, Қызылжар, Ақтан елді мекендерінде жол инфрақұрылымының құрылысы нақтырақ айтқанда, ауылішілік автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын асфальттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  

Көктоғай ауылындағы жол жөндеу жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталған. Мұнда 12,9 шақырым жол төселеді.  Жөндеу жұмыстары 2021 жылдың ақпан айында аяқталады деп жоспарлануда. Ал, жүргізілген жұмыстар 276 адамды қызметке орналастыруға мүмкіндік берген, олардың 138-і жұмыспен қамту орталығы арқылы келген. 

Облыс басшысы Индер ауданының әкімі Мейірім Калауиға жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын қадағалауды және барынша жергілікті кадрларды пайдалануды тапсырды.

– Бұл жұмыстар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Сондықтан,   жергілікті кадрларды жұмылдыру қажет. Қазіргі уақытта Теңіз кенішіндегі кейбір аса маңызды емес жұмыстардың уақытша тоқтатылуына байланысты біраз адам аудандарға қайтып оралды. Міне, сол азаматтардың тәжірбиесін де пайдалану қажет. Осылайша,  халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешіп отырамыз, – деген Махамбет Досмұхамбетов тұрақты жұмыс орындарын ашу — басты мақсат болу керектігін айтты.

Дәл осындай жұмыстар Елтай елді мекенінде де  іске асырылуда, мұндағы  жол жұмыстарына 382 адам тартылған, оның ішінде 194-і жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылған азаматтар.

Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауидің айтуынша,  шалғай орналасқан Қызылжар мен Ақтан елді мекендеріне жол салу – аудан орталығымен жедел қатынас мәселесін шешуге әсіресе,  оқушыларды оқу орындарына тасымалдауға, шұғыл қызметтердің келуіне мүмкіндік береді. Үш шақырым автокөлік жолын төсеу жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

Бұдан бөлек, өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов Аққала ауылының фелдшерлік-акушерлік пунктінің жұмысымен танысты. Биыл  жаңа ғимарат пайдалануға берілген. Мұнда ауыл тұрғындары қажетті барлық медициналық көмекті ала алады.

Сонымен қатар, жуық арада аудан орталығында ауыл шаруашылығы колледжі жатақханасының жаңа ғимараты пайдалануға берілмек.  Нысанның құрылысы толығымен аяқталған. Қазіргі уақытта асханаға қажетті құрылғылар, жиһаз және басқа да қажеттіліктер үшін ішкі жабдықтар орнатылуда. 100 орындық жатақханада студенттер ғана емес, колледж оқытушылары да тұрады.

Сондай-ақ, Индер ауданы үшін тұрғын үй құрылысы да басым бағыттардың бірі саналады. Бүгінде  Индер ауданында 4 үйдің құрылыс жұмыстары  жүргізілуде. Оларды аяқтап, тапсыру  2021 жылға жоспарланған.

Облыс әкімі аудан орталығындағы супермаркеттердің бірінде болып, тұрақтандыру қорымен реттелетін азық-түлік бағасын тексеріп шықты. Бұдан бөлек, аймақ басшысы «Слава» шаруа қожалығының алқаптарын да аралады. Фермерлер 75 гектар жерге  көкөніс пен бақша дақылдарын отырғызып, жергілікті халық пен облыс тұрғындарын  өз өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Индер ауданына жұмыс сапары соңында жаңа жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ аудан әкіміне туризм саласындағы жобаларды іске асыруға қажетті жағдай жасап, өнеркәсіп өнімдерінің көлемін ұлғайту мен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін шешу тапсырды.

whatsapp image 2020 08 10 at 12.26.01
whatsapp image 2020 08 10 at 12.27.29 4
whatsapp image 2020 08 10 at 12.26.02 1
whatsapp image 2020 08 10 at 12.26.02 2
whatsapp image 2020 08 10 at 12.27.29 6
whatsapp image 2020 08 10 at 12.26.02
whatsapp image 2020 08 10 at 12.27.29 2 1
whatsapp image 2020 08 10 at 12.27.29 1
whatsapp image 2020 08 10 at 12.27.29 3

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған