БАЛЫҚТАР НЕДЕН ҚЫРЫЛДЫ? Сенатор күдікті субъектілердің тексерісіне пікір білдірді

20190417164025 Жаңалықтар

Аtr.kz/18 сәуір, 2019 жыл. Атырау облысына келген Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов балықтардың қырылуына күдікті субъектіге тексеріс уақыт күттірмей жүргізілуі тиістігін айтты.

«2018 жылдың желтоқсанында Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Алайда, тергеу барысында балықтың дәл неден қырылғаны да, судың қалай уланғаны да анықталған жоқ. Меніңше, оған тексерістің тым кеш басталғаны себеп болды.

Бүгінде, бақылау органдары тексерісті бастау үшін прокуратурадан рұқсат алуы тиіс. Оған белгілі бір уақыт кетеді. Қазіргі заңнамаға өзгеріс енгізу қажет. Экологиямен, адам денсаулығымен байланысты төтенше жағдайлар кезінде қадағалау органдарында тексерісті апат болған күні бастауға мүмкіндік беретін құқығы болуы тиіс. Прокуратура органдарының рұқсатынсыз-ақ», – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда Жайық өзенінде балықтар жаппай қырылған болатын. Жалпы 120 тонна балық соның ішінде, 36 мың орыс және Сібір бекіресі қырылған.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз