ЖАҢА МОНЕТАЛАР ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Жуырда ҚР Ұлттық Банкі «Қазақстанның Қызыл кітабы» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Үстірт муфлоны» ескерткіш монеталарын, «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Бата» ескерткіш монеталарын, «Монета-сыйлық» монеталар сериясынан номиналы 100 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен «Жаңа жылдарыңызбен» ескерткіш монеталарын және «Республика игілігі» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен «Тазы» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды.

 

Арайлым  СӘРСЕКЕНОВА, «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының  қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз