Қауіпті оқ-дәрі сақтайтын қоймалар елді мекендерден көшіріледі

2021 11 22 qaru Жаңалықтар

5 мамырдағы Бүкілармиялық кеңесте мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті оқ-дәрі сақтайтын қоймалар елді мекендерден көшірілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, бүгін біздің алдымызда армиямызды өзгертудің күрделі міндеті тұр. Бұрын болмаған жаңа гарнизондар, әскери қалашықтар мен заставалар салып жатырмыз. Ел аумағын жедел жабдықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

«Қауіпті оқ-дәрі сақтайтын қоймалар елді мекендерден көшіріледі. Бұл үлкен жұмыстың бар жауапкершілігін тек күш құрылымдарына арту дұрыс емес. Үкімет пен әкімдіктер әскери инфрақұрылымды дамытуға белсенді түрде жәрдемдесу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз