Мәжіліс депутаты атыраулық спортшылармен кездесті (+ФОТО)

img 20220304 wa0052 Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Нұрлыбек Ожаев атыраулық спортшылармен кездесті.

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлыбек ​ Ожаев спортшылармен кездесті.

«Мерген» спорт клубында өткен кездесуде спорт саласындағы мәселелер талқыланды.

img 20220304 wa0051

«Атырау облысында 17 спорт мектебі бар. Қазіргі таңда онда 14 мыңға жуық бала спортпен тегін шұғылдануда. ​ Дені сау ұлт – мемлекеттің басты байлығы. Сондықтан, жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу, болашақта елімізді әлемге әйгілейтін чемпиондарды тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар жалғасады» деді Мәжіліс депутаты Нұрлыбек ​ Ожаев.

Еске сала кетелік, «Мерген» спорт клубы 2018 жылы ашылды. Клуб жауынгерлік жекпе-жек түрлері бағытында жұмыс істейді. ​ Онда бокс, жекпе-жек, грепплинг спорттары бойынша жаттығу жұмыстары жүруде.

img 20220304 wa0054
img 20220304 wa0050
img 20220304 wa0054 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз