Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулықтар балықшылар күнін атап өтеді

Атырау қаласының әкімдігі, жыл сайын шілде айының екінші жексенбісінде атап өтілетін «Балық шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай қала маңында мерекелік шаралар өтетінін хабарлайды.

Балықшылар күні 5 шілде күні сағат 11:00-12:00 аралығында облыстық халық шығармашылығы орталығында мерекемен басталады.

6-7 шілде күндері сағат 9:00-18:00-де «Jusan Arena» спорт кешенінде жастар және тұрғындар арасында баскетболдан турнир болады.

Сондай-ақ, 7 шілдеде сағат 10:00-14:30 уақыт аралығында «Рыбник» саяжайы аумағындағы «Еділ-Жайық» демалыс орнында балық шаруашылығы мекемелері мен кәсіпорындары ұйымдастырумен мерекелік шара өткізіледі.

8-9 шілде күндері «Сарайшық» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, 9 шілде  күні Балықшы шағын ауданы тұрғындары ұйымдастыруымен мерекелік шара өткізу жоспарланып отыр. Сол күні сағат 12:00-де Алиев көпірінен Балықшы шағын ауданы аралығында кемелер шеруі, сағат 9:00- 17:00-де Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  «Атырау Балық» консерві комбинатының 90 жылдығына» арналған көрме өтеді.

11 шілде күні сағат 10:00-12:00 аралығында Атырау ауылдық округі, Жаңаталап мәдениет үйі алаңында «Жайықтың жайсаң жандары» атты мерекелік сазды бағдарлама өтіп, 12 шілде күні сағат 20:00-де Атырау ауылдық округі, Құрманғазы ауылдық мәдениет үйі алаңында«Ақ айдын ерлер» сазды бағдарламасымен жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button