Атырауда жаңа оқу орталығы ашылды

f822fd2a f636 4588 b88c b6c76835a300 Жаңалықтар

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Атырауда «Болашақ К» қоғамдық қоры жанынан медициналық оңалту мамандарын дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға арналған оқыту орталығы ашылды. Мұнда әлеуметтік маңызы жағынан церебральды сал ауруына шалдыққан балалармен, инсульттан кейінгі ересектермен, әлеуметтік-педагогикалық түзету бойынша жұмыс жасайтын кадрларды дайындау және қайта даярлау жұмыстары жүргізіледі. Жоба «Теңізшевройл» ЖШС-нің әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының қаржылай қолдауымен жүзеге асуда.

 Ал, аталмыш қордың негізінен тірек қимыл және танымдық бұзылыстары бар балаларды емдеуде,  оңалту бойынша жиырма жылдық тәжірибесі бар. Олар  церебральды сал ауруы, Даун синдромы, жүйке жүйесінің туа біткен және кейін пайда болған патологиялары, медициналық, педагогикалық, психологиялық түзетуді қамтитын жан-жақты кешенді сауықтырумен айналысады.

«Біздің мамандар шетелдік және отандық тәлімгерлердің пациенттердің жағдайын,  оңалту әлеуетін бағалауы мен кешенді оңалтудың заманауи әдістерін үйреніп,  білім мен тәжірибе алмасатын деңгейге жетті. Бүгінде тұрғындар арасында мүгедектіктің жыл сайын өсіп тұрғанын, өңірде қалпына келтіретін реабилитология мамандарының тапшылығын және барларының біліктілігінің жеткіліксіздігін ескерсек, бұл жобаның маңызы зор» дейді қоғамдық қордың директоры  Жібек Бисенова.

Жоба аясында 240 маманның біліктілігін арттыру көзделген. Олардың ішінде жергілікті емдеу-сауықтыру мекемелерінің емдік дене шынықтыру әдіскерлері, дефектолог, логопед, эрготерапевт, психолог және оқу орындарының дефектология, дене шынықтыру факультетін бітіруші түлектері де бар. Оған қоса 132 церебральды сал ауруына шалдыққан баланың ата-аналары мен инсультқа ұшыраған науқастардың туыстарын оқыту жоспарланған.

                                                                     Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauly%d2%9b-bekzat-%d3%99lemdi-auzyna-%d2%9baratty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз