Жаңалықтар

Атыраулық оқушылар робототехникадан өткен чемпионатта топ жарды

Нұрсұлтан Қалымжан «Қазақстанның екі дүркін чемпионы» атанды.
Парасат Сакишев Тараз қаласында республикалық робототехникадан өткен чемпионатта екінші орынды иеленді.

KazRoboSport-2024 робототехника бойынша Республикалық чемпионатының финалында атыраулық оқушы Парасат Сакишев «Мини сумо» номинациясына «жауынгер» роботтарын сынға алып шықты.

Осылайша, «жауынгер» роботтардың өнері екінші орынға лайық деп танылды.

«Жеңімпаздардың екеуі де Атыраудағы инновациялық әлеуметтік жоба — JasUP жобасының оқушылары.
Чемпионат кезінде біздің оқушыларымыз жасаған роботтар бір-бірімен күресіп, сумо өнерінің керемет үлгісін көрсетті» дейді JasUP жобасының координаторы Асқар Алдан.

Айта кету керек, еліміздің түкпір-түкпірінен оқушыларды жинаған чемпионатқа 120 үміткер қатысып, робототехника саласындағы өздері жасап шығарған жаңалықтарымен бөлісті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button