1 қарашада аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі

zb2ivvoz Жаңалықтар

Енді ел аумағында «Data Matrix» коды жоқ аяқ киім өндірісі мен импортына тыйым салынады. Бұл жаңашылдық СЭҚ ТН 6401-6405 коды бар барлық аяқ киім өнімдеріне қатысты, деп хабарлайды ҰКП сайты.

Еске салсақ, тауарларды цифрлық таңбалау – ЕАЭО деңгейінде жүзеге асырылып жатқан ұлтаралық жоба. Мамандардың айтуынша, аяқ киімнің цифрлық таңбалануы нарықты «ағартып», контрафактіден тазартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл шара «Naqty Onim» арнайы мобильді қосымшасы арқылы сатып алушы «Data Matrix» кодын сканерлеп, тауар туралы толық ақпарат алып, оның заңдылығын тексере алатын кезде қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

«Бір ай бойы біз өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек сауда өкілдеріне биыл 1 қарашадан күшіне енетін жаңа ережелерді түсіндіріп жатырмыз. Кәсіпкерлерге markirovka.kz сайтында таңбалау жүйесінде тіркелу керегін хабарладық. Бұл жүйеге таңбалау кодтарын генерациялау үшін өндірілетін және импортталатын тауар (артикул, өндірілген ел, өндіруші, импорттаушы, СЭҚ ТН коды, шығарылған күні, материалы, түсі, мөлшері және т.б.) туралы ақпаратты енгізу қажет.

Осындай бір кодтың құны ҚҚС-ты есептеусіз 28 теңгені құрайды. Осы кодтың немесе цифрлық таңбалаудың көмегімен сатып алушы аяқ киімнің әрбір жұбын сәйкестендіріп, оны адами фактордың әсерінсіз тауар өткізу тізбегі бойынша қадағалай алады, яғни таңбалаудың бұл басты артықшылығы», – деп түсіндіреді СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Лина Ермолаева. Осы ретте сарапшы аяқ киімге «Data Matrix» кодымен стикер немесе этикетканы кедендік процедураны өткенге дейін немесе басқа елдегі өндірісте, немесе ҚР аумағында кеден қоймасында енгізу керегін айтты. Бұл кодты тікелей аяқ киімге, сондай-ақ тауарлық белгіге немесе тұтынушы қаптамасына қолдануға болады. Жаңа цифрлық таңба сатып алушы үшін өнімнің заңдылығы туралы белгі береді.  «Тауарды өндіріс барысында таңбалау – ең ыңғайлы нұсқа. Сондай-ақ, импорттаушылардың Қазақстанға өнімді әкелу кезінде кедендік қоймада да таңбалау қызметтеріне тапсырыс беруге мүмкіндігі бар. Кеден қоймалары инновацияға белсенді дайындалуда. Олардың аумағында кедендік рәсімдер кезінде шетелдік дайындаушы зауыттарда таңбаланбаған тауарға стикерлер немесе «Data Matrix» цифрлық коды бар заттаңбалар салынады. Таңбаланбаған тауардың қалдықтарын сату үшін бөлшек бизнес өкілдерінде әрбір аяқ киімге арналған сәйкестендіру ақпаратын ақпараттық жүйеге енгізудің оңайлатылған тәртіпте рәсімдеуге 2022 жылғы 1 қарашаға дейін қосымша бір жыл уақыт берілетінін атап өткім келеді», – деді Лина Ермолаева.

Таңбаланған тауар туралы ақпарат Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Кейіннен өнімдер оны сату нүктелеріне түседі және 2D сканер немесе «Naqty Sauda» мобильді қосымшасы арқылы айналымнан шығарылады. Тауарды өндірістен бастап соңғы тұтынушыға сатуға дейінгі барлық жолды ақпараттық жүйеден бақылауға болады.

inbusiness.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз