Елімізде оқушыларды тегін тамақтандыру туралы мәселе көтерілді

YIstyik tamakpen Білім

Елімізде оқушылар тамағын қайта тегін ету ұсынылды. “Аман-саулық” қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова Cенат отырысында осындай бастама көтерді.

Ыстык-тамакпен

«Біздің елде мектептерде тегін түскі ас берілмейді. Бір кездері бірінші және төртінші сынып аралығындағы оқушылар тегін тамақтанатын еді. Менің ойымша, бұл тәжірибені қайта жандандыру керек», – дейді Түменова.

Ол балаларды тұрмыстық жағдайы жақсы не төмен деп бөлмей,  барлық балаға тегін тамақ берілу керектігін айтты.

Хорлан СМАДИЯР

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз