354

Атырауда 5000 отбасы жарықты жаңа трансформаторлардан алады

Жаңалықтар
10 / 100

«Облыс орталығына 50 толық жабдықталған жаңа трансформаторлық подстанциялар жеткізілді. Енді жылдар бойы жарыққа қатысты шағымданып келген 5000 отбасының мәселесі шешіледі»,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 


 Электр энергиясын жеткізу сапасын жоғарылатуға қажетті құрылғы облыс орталығы мен қатар қала маңындағы елді мекендерге де орнатылуда. Атап айтқанда, Лесхоз ықшам ауданында 32 көше болса, олардың трансфоматоры кеңестік дәуірден бері жаңартылмаған.

 Көп қабаты үйлердің тұрғындарының жылдар бойғы арманы орындалды. Алдымен аталған ықшам аудан тұрғындарының мәселесі шешілді. Қолданыстағы трансформаторларға қоса әрқайсысының қуаттылығы 630 квА болатын 2 жаңа трансформаторлар орнатылды. 


«Толқын» ықшам ауданы тұрғындарына да жарық енді жаңа трансформатордан таратылады. «Атырау-Жарық» АҚ мамандары жаңа трансформаторларды «Жерұйық» ықшам ауданы мен Ақсай селосына да қондырып үлгерген.

 Кезек бойынша алдағы күндері трансформаторлар «Ескі аэропорт», «Геолог», «Балықшы» және «Жұмыскер» ықшам аудандарына, жалпы қаланың барлық бөлігіне қойылады.

whatsapp image 2020 11 28 at 12.20.48

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған