Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз? Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев экстремизммен күрестің тиімді жолын ұсынды

  Жат ағымның жетегінде жүрген Атырау мұнай және газ институтының бір студенті оқудан шығарылғалы жатыр. Ал үш студент діни сенімде қателескенін түсініп, Әбу Ханифа мәзһабына оралған. Бұл туралы облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысында институт проректоры Әбілсейіт Мұхтар мәлімдеді.

din2Осыған байланысты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев білім ордаларында түсінік жұмыстарын жүргізудің жаңа формаларын іске қосуды тапсырды. «Бұл проблема мектептерде де, яғни барлық білім ордаларында бар. Сондықтан, баланы оқудан шығарудан бұрын, онымен жекелей жұмыс жүргізілуі керек. Мәселен, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде стадион да, спорт кешені де бар. Бірақ, сол стадионда не спорттық шаралардың, не жарыстардың өтіп жатқанын көрмеймін. Бұл көңіл аударатын мәселе. Жастар арасында мәдени, спорттық шаралар көптеп ұйымдастыру арқылы, олардың бос уақытын тиімді пайдалануымыз керек. Белсенді, көшбасшылық қабілеті бар жастардың да әлеуетін пайдалануға болады. Мұндай іске шет елде еріктілердің көмегіне көп жүгінеді. Бастысы, оң-солын танып үлгермеген жастарымызды осындай бұқаралық шараларға көбірек тарту арқылы, олардың әлеуметтенуіне, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етіп, дұрыс бағыт-бағдар көрсетуіміз керек. Сол кезде олардың жат ағымдарға мойын бұруына да уақыты болмайды» деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз