
Атырауда жас кәсіпкерлер форумы өтеді
25 тамыз күні Атырау қаласында «Сәтті старт» атты жас кәсіпкерлер форумы өтеді.
Форумның негізгі мақсаты – өңірдегі жастардың бизнеске деген құлшынысын арттыра отырып, кәсіпкерлікті жандандыру, StartUp жобаларға тың серпіліс беру.
Форумның бағдарламасына сәйкес секциялық жұмыстар, диалогтық алаңдар мен пленарлық отырыс өткізіледі.
Форум барысында барлық қатысушылар 3 бағыт бойынша мәселелерді шешудің жаңа жолдарын қарастырады:
Көпшілік алдында сөз сөйлеудің 25 бағыты және бизнестегі келісімсөздер жүргізу өнері;
Әлеуметтік кәсіпкерлік және «Жарқыра» бағдарламасы;
Инвестиция қызметіндегі мемлекеттік қолдаулар туралы.
Өтетін орны: Атырау қаласы, Мұса Баймұханов көшесі 45А, «Н.Балғымбаев атындағы даму және коммуникациялар орталығы», мәжіліс залы, 2 қатар
Қосымша ақпарат бойынша тел: 8/7122/354344 хабарласа аласыз.