Атырау «жасыл аймаққа» өтті: коронавирустан 56 адам емделіп шықты

1 24 COVID-19: Соңғы поштадан...

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «жасыл» аймаққа ауысты, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 7 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 18 адам болса, Құрманғазы – 2, Жылыой және Индер аудандарында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 3 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 56 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 105 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 56 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 14 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 238 адам ем қабылдауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз