Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда жабылған орталық көпір қашан ашылады?

Atr.kz/15 қаңтар, 2020 жыл. Биылғы қаңтар айының 10-ынан 11-іне қараған түні Атырау қаласындағы орталық көпір жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылды.

Оған «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин Шамшатовтың Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті мен қала әкімдігіне жолдаған шұғыл хабарламасы себепші болып отыр. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, жүргізілген тексеру жұмыстарының барысында орталық көпірдің астыңғы тіреуімен өтетін көлденең қимасы (диаметрі) 426 мм жылу желісінің сырғымалы тірегінің орнынан ығысқандығы анықталыпты.

Тек соңғы екі күнде жылу желілерінің құрылымы мен тірегінің бүлінуі нәтижесінде ығысу көрсеткішісі 70 ммді құраған. Бұл үрдістің әлі де жалғасуы ықтимал екеніне көз жеткізілген. Соның салдарынан жарылып кету мүмкіндігі де қаперге алынып отыр. Апатты жағдайдың алдын алу мақсатында кәсіпорын басшылығы осындай хабарлама жолдауға мәжбүр болыпты.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, орын алған жағдай қалпына келтіріліп, жөндеу жұмыстары аяқталғанша көпір жабық тұрады. Ал, жаяу жүргіншілердің оның үстімен өтуіне рұқсат беріледі. Көпірдің құлап кетуіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ақауларды қалпына келтіру шараларының қашан аяқталып, көпірдің қай уақытта ашылатыны әзірге белгісіз.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button