Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша семинар-жиын өтті

Облыстағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмеу мақсатында жыл сайын ішкі талдау жүргізу қажет. Осы тақырып аясында Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Болат Исақовтың төрағалығымен семинар-жиын өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов баяндама жасап, ішкі талдауға енген өзгерістерге тоқталып кетті.

-Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының осы жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енді. Осы жылдан бастап мемлекеттік немесе квазимемлекеттік мекемелер әр жыл сайын ішкі талдау жүргізуі тиіс. Сондай-ақ, осыған дейін тек облыс бойынша басқармалар қамтылған болса, ендігі жылы қала және аудандарда өз мекемелеріне ішкі талдау жүргізеді, — деді Ж.Қаражанов.

Ал Департтаменнің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Болатбек Уразов талдаудың қаншалықты маңызды екеніне тоқталып, арнайы комиссия құрамының қалай жасақталуы керектігін айтты.

— Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша ішкі талдау 4 принциппен іске асады. Ол обьективтілік, ашықтық, сенімділік және жан-жақты қамту. Мекеме әр жыл сайын 30 күн ішкі талдау жүргізу керек. Оған арнайы коммисия құрылып, екі бағыт бойынша талдау жасалады. Нормативтік құқықтық актта және ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Талдау нәтижесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданады. Талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде жетқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мониторингі жүргізіледі. Ал комиссия құрамында мекеме басшысы, қызметкерлер, Қоғамдық кеңестердің мүшелері және арнайы сарапшылар болады, — деді Б.Уразов.

Еске салайық, еліміздегі сыбайлас жемқорлық фактілерін азайту және оның алдын-алу мақсатында 2015 жылдан бері әр басқарма өз мекемесіне ішкі талдау жүргізіп келеді. Бұл өз кезегінде қызметкердің және басшысының сыбайлас жемқорлыққа бармауын және бөлінген қаржының толықтай игерілуін қамтамыз етеді.

Жиын соңында Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Болат Исақов басқармалардың жауапты мамандары мен қала және аудандық аппарат басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Мекеме ішінде жүргізетін талдау барысында барлық нормалардың қатаң сақталуын, 2023 жылдың I жарты жылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жасалуын және жоспардың толықтай орындалуын қамтамасыз етуін міндеттеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button