Атырауда жоғалып кеткен малшы табылмай жатыр

ihkhjkjkh Жаңалықтар

Жылыой ауданының мал бақташысы 23 мамыр күні қыстақтардың бірінен шығып, кері оралмаған.

«37 жастағы мал бақташысының жоғалғаны туралы шақырту 24 ақпан күні хабарланған. Шақырту бойынша өрт сөндіру бөлімі іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кірісті. Іздестіру-құтқару жұмыстары екінші күн жалғасуда», – деп мәлімдеді Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Малшыны іздестіруге Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінен 5 қызметкер мен 1 бірлік техника тартылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз