Атқарылған да, атқарылар да істер бар

isataiakkistau 17 Жаңалықтар

ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БРИФИНГКЕ КЕЛГЕН ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАНДА ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ОН АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАМДАП, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ. АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІ АЙҚЫНДАП, НАҚТЫЛАДЫ.

Аудан басшысы Полымбет Хасановтың айтуынша, есепті кезең ішінде көп іс тындырылған. Көшелерді жарықтандыру, жөндеу, асфальттау, абаттандыру бағыттарында да айтарлықтай жұмыстар атқарылған көрінеді. Бәрінен де аудан аумағындағы Бақсай, Нарын, Сборный және Кобяково-Забурын суару-суландыру жүйелерін сумен қамту үшін аудандық бюджеттен 152,7 млн. теңге бөлініп, бекітілген кестеге сәйкес каналдар сумен толықтырылыпты.

Өткен жылы басталған «Қызылүй» каналының күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталып, халық игілігін көріп отыр екен. «Ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуы тұрақты» деп бағамдаған өңір басшысы Полымбет Хасанов өнеркәсіп өнімінің көлемі 213 млрд. 530 млн. теңгені, ал нақты индекс көлемі 100 пайызды құрағанын айтты. Өңірде 2 074 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, кәсібінің нәсібін көруде. Жаңадан 16 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылғаны да баяндалды. Ат а л ғ а н ауд а н д а а с ы л тұқымды мүйізді ірі қара малын өсіретін алты шаруашылық жұмыс жүргізіп келеді. Оларда 1 676 бас асыл тұқымды мал өсірілуде

 – Ауданда әлі де асыл тұқымды мал сатып алушылар түлікті асылдандырып, түрлендіру жұмыстарына қатысуға ниет білдірушілер саны артып отыр, – деді аудан басшысы.

П о л ы м б е т Х а с а н о вт а н білгеніміздей, оқушылардың қ о с ы м ш а б і л і м м е н шұғылдануына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруына жағдай жасау мақсатында қараша айында Аққыстау ауылынан «Өнер мектебінің» құрылысы басталыпты. Өңірдің білім беру саласына тоқталған басшы 2022-2023 оқу жылын жалпы білім беретін 15 мектеп 5 327 оқушымен бастап, жаңартылған білім бағдарламасы, білім сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарымен жалғастырып жатқанын жеткізді. Өңірдің өзекті мәселелерінің қатарында жол мәселесі бірінші орында екені сөзсіз. Осы орайда исатайлықтарды облыс орталығымен байланыстыратын автокөлік жолының жағдайы алаңдатуы орынды. Оның үстіне, көліктің күре жолсыз күні қараң екені тағы бар. Баяндамашы Атырау–Астрахан тас жолының құрылысы қазіргі уақытта қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.

 «Биылдың өзінде Жанбай–Атырау бағытында ұзындығы 65 шақырым жолдың құрылысы бітіп, аяқталған тұстары бөлік-бөлігімен ашылуда» деді Полымбет Хасанов. Айтпақшы, биыл алғашқы р е т а вт о к ө л і к жо л д а р ы н күтіп ұстауға қаржы бөлініп, Аққыстау ауылында 320 шаршы метр ойық-шұңқырлар пайда болған жерлерге жамау (ямочный) жұмыстары жасалып, аудан бойынша 200-дің үстінде жол белгілері орнатылды.

Брифингте биылғы егіннің көлемі, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, денсаулық пен құқық қорғау салаларындағы атқарылған жұмыстар, аудан тұрғындарын таза, сапалы ауыз сумен қамту мәселелері айтылды. Аудан әкімі Полымбет Хасановтың он айдағы есебіне қарағанда, ауданда жан-жақтылы өсім барлығы байқалады. Әрине, шешілмеген, қордаланған, кезегін күткен түйткілді істер де жоқ емес.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз