
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық
Атырауда супермаркетке жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар берген тұрғын ұсталды
Atr.kz/28-ақпан, 2019 жыл. Атырауда супермаркетке жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған тұрғын ұсталды.
«Полицияға белгісіз ер адам келіп, Балықшы шағын ауданында орналасқан «Семья» супермаркетіне жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.

Супермаркеттің ғимараты толықтай қоршалып, ондағы адамдар эвакуацияланды. Ешқандай жарылатын құрал табылмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осындай қылмысы үшін жазасын өтеп шыққан күдікті ұсталды. «ҚР ҚК терроризм туралы жалған хабар тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», — деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствода атап өткендей, соңғы 2 жылда Атырау облысының аумағында жарылғыш зат қойылғаны туралы 6 жалған хабар тіркелген.
Дереккөз: «ҚазАқпарат»